3. Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

0
1511

1. Автокөлік қобдишасының құрамы

Атауы (ХПА)Өлшем бірлігіСаны
р/с
Жарақаттар (қан кету, соғылу, сыну, буынның шығуы, күю), жарақаттану кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар
1.Сутегі тотығы, 3% ерітіндісіфлакон1
2.Зарарсыздандырылған дәке бинті 5м х 10 смдана1
3.Зарарсыздандырыл-маған дәке бинті 5м х 10 смдана1
4.Зарарсыздандырыл-маған дәке бинті 7м х 14 смдана1
5.Зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалардана1
6.Зарарсыздандырылған таңу пакетідана1
7.Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 гдана1
8.Қан тоқтатқыш жгутдана1
9.Бактерицидті лейкопластырьдана5
10.Медициналық лейкопластырьдана1
11.Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3,6дана1-ден
12.Зарарсыздандырыл-маған медициналық қолғаптаржұп1
13.Доғал ұшты қайшылардана1

Ескертпе:
Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын қолдану бойынша ұсынымдар:
Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде зардап шеккен адамдарға медициналық алғашқы көмек қобдишасының құрамына кіретін заттарды мынадай түрде қолдану ұсынылады:
а) жол-көлік оқиғалары нәтижесінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету кезінде барлық манипуляцияларды мeдициналық қолғаптармен жасау қажет;
б) ірі (магистральді) қан артерияларынан артериялық қан кету кезінде тамырды саусақпен басып, жазбада жгут салу уақытын көрсете отырып, зақымдалған жерден жоғары басып тұрған жерге қан тоқтататын жгутты және жарақатқа (қысып) байланатын таңғышты салу керек;
в) жарақат болған кезде зарарсыздандырылған салфеткалар мен бинттерді немесе зарарсыздандырылған таңу пакетін пайдаланып, (қысып) байланатын таңғышты салу керек.

Жарақаттан қан ақпаған кезде және қысып байланатын таңғышты салу мүмкіндігі болмаса, онда жарақатқа зарарсыздандырылған салфетканы салып, оны лейкопластырьмен бекіту керек. Ұсақ жарақаттар кезінде бактерицидтік лейкопластырьді пайдалану қажет.

Сутегі тотығы, 3% ерітіндісі

Сутегі тотығын механикалық тазалау және беткі жаралардан капиллярлық қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Жарақатқа зарарсыздандырылған дәке салфеткалар салынады.


2. Алғашқы медициналық көмек қобдишасының жоқтығы үшін жауапкершілік:

Алғашқы медициналық көмек қобдишасының болмауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Сондықтан көлік иесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Оның көлігі «жол қауіпсіздігінің белгіленген ережелеріне сәйкес келмейді» деп бағаланады.

Жүргізушіге жол полициясы өкілдерінің дәрі қобдишасының бар-жоғын тексеру процедурасы сақталған жағдайда ғана – куәгерлердің қатысуымен және бейнежазбаның көмегімен тексеруге құқығы бар екенін есте ұстаған жөн. Медициналық қобдишаның мазмұнын себепсіз қарауға жол берілмейді. Жүргізуші автокөлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде толық жинақталған алғашқы медициналық көмек қобдишасын көрсетеді.

(Қазақстанда автокөлікте дәрі қобдишасының болмауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес – «Көлік құралын белгіленген талаптарға сай келмейтін жүргізу. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары», – деген айыппен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.)


3. Алғашқы медициналық көмек қобдишасының жарамдылық мерзімі:

Алғашқы көмек қобдишасының жарамдылық мерзімі 4,5 жыл.

Мерзімді санау сәті дәрі қобдишасын сатып алудан емес, онда көрсетілген яғни шығарылған күнімен басталатынын есте ұстаған жөн.

Предыдущая статья«Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы
Следующая статья4. Жүргізуші куәлігі (лицензиясы) бойынша көлік құралдарының санаттары