1. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

0
39714

Ескерту белгілері жүргізушілерге олардың бойымен жүру жағдайға сәйкес шаралар қабылдауды талап ететін жолдың қауіпті учаскесіне жақындағаны туралы хабарлайды.

1.1«Шлагбаумы бар теміржол өтпесі»
1.2«Шлагбаумы жоқ теміржол өтпесі»
1.3.1«Бір жолды теміржол»
Шлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: бір жолмен
1.3.2«Көп жолды теміржол»
Шлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: екі және одан көп жолмен.
1.4.1 – 1.4.6«Теміржол өтпесіне жақындау»
Елді мекеннен тыс теміржол өтпесіне жақындау туралы қосымша ескерту.
1.5«Трамвай желісімен қиылысу»
1.6«Тең мағыналы жолдардың қиылысуы»
1.7«Шеңберлі жүріспен қиылысу»
1.8«Бағдаршамның реттеуі»
Жол жүрісі бағдаршаммен реттелетін жол қиылысы, жаяу жүргінші өткелі немесе жол учаскесі.
1.9«Ашылатын көпір»
Ашылатын көпір немесе паром өткелі.
1.10«Жағалауға шығу»
Жағалауға немесе жағаға шығу.
1.11.1«Қауіпті бұрылыс оңға»
Шағын радиусты немесе көрінуі шектеулі жолдың доғалануы.
1.11.2«Қауіпті бұрылыс солға»
Шағын радиусты немесе көрінуі шектеулі жолдың доғалануы.
1.12.1«Қауіпті бұрылыстар»
Қауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: бірінші бұрылыспен оңға
1.12.2«Қауіпті бұрылыстар»
Қауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: бірінші бұрылыспен солға.
1.13«Тік еңіс»
1.14«Тік өрлеу»
1.15«Тайғақ жол»
Жүру бөлігінің қатты тайғанақ жол учаскесі.
1.16«Тегіс емес жол»
Жүру бөлігінде тегіс емес жерлері бар жол учаскесі (толқынды, шұңқыр, көпірлермен үйлесімсіз жалғасқан және сол сияқтылар).
1.16.1«Жасанды бұдырлық»
1.17«Қиыршық тас шашылған»
Көлік құралдарының дөңгелегі астынан қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылар шашырауы мүмкін жол учаскесі.
1.18.1«Жолдың тарылуы»
Екі жағынан тарылуы.
1.18.2«Жолдың тарылуы»
Оң жағынан тарылуы.
1.18.3«Жолдың тарылуы»
Сол жағынан тарылуы.
1.19«Екіжақты жүріс»
Қарсы жүру жол учаскесінің (жүру бөлігінің) басталуы.
1.20«Жаяу жүргінші өткелі»
5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе). 1.14.1 – 1.14.3 таңбаларымен белгіленген жаяу жүргінші өткелі.
1.21«Балалар»
Балалар мекемесіне (мектептер, сауықтыру лагерлері және сол сияқтылар) жақын балалар жүріс бөлігіне шыға келуі мүмкін жол учаскесі.
1.22«Велосипед жолымен қиылысу»
1.23«Жол жұмыстары»
1.24«Мал айдау»
1.25«Жабайы хайуанаттар»
1.26«Тас түсу»
Опырылып құлау, көшкін жүруі, тас түсуі мүмкін жол учаскесі.
1.27«Бүйірден соғатын жел»
1.28«Төмен ұшатын ұшақтар»
1.29«Тоннель»
Жасанды жарықтандыруы жоқ тоннель немесе кіру порталының көрінуі шектеулі тоннель.
1.30«Басқа қауіптер»
Басқа ескерту белгілерімен көзделмеген қауіптіліктері бар жол учаскесі.

1.31.1 – 1.31.2

«Бұрылыс бағыты»
Көрінуі шектеулі шағын радиусты жол доғалануындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.
1.31.3«Бұрылыс бағыты»
Т үлгісіндегі жол қиылысында немесе жолдардың тармақталуындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.

1.31.4 – 1.31.5

«Бұрылыс бағыты»
1.32.1 – 1.32.3«Кедергіні айналып өту»
1.33«Қауіпті жол жиегі»
1.34«Кептеліс»

1.1, 1.2, 1.5-1.30 ескерту белгілері қауіпті учаске басталғанға дейін елді мекеннен тыс жерлерде 150 – 300 м қашықтықта, ал елді мекендерде және тұрғын аймақтарда 50 – 100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгілер 7.1.1 тақтайшасында көрсетілетін өзге қашықтықта да орнатылуы мүмкін.

1.13 және 1.14 белгілері, егер еңістер мен өрлеулер бірінен соң бірі келетін болса, тікелей еңістің немесе өрлеудің басталуы алдында 7.1.1 тақтайшасысыз орнатылуы мүмкін.

1.23 белгісі жүру бөлігінде қысқа мерзімді жұмыстар жүргізілген кезде жұмыстар жүргізілетін жерге дейін 10 – 15 м қашықтықта орнатылуы (7.1.1 тақтайшасыз) мүмкін.

Елді мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгілері қайталанады. Екінші белгі қауіпті учаске басталғанға дейін кемінде 50 м қашықтықта орнатылады.

1.4.1 – 1.4.3 белгілері жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 – 1.4.6 – сол жағынан орнатылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгілері – жүру барысы бойынша бірінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, 1.4.3 және 1.4.6 белгілері – екінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгілері – бірінші және екінші 1.1 немесе 1.2 белгілерінің арасына тең қашықтықта өздігінен орнатылады.

1.3.1 және 1.3.2 белгілері тікелей теміржол өтпесінің алдына орнатылады.

Предыдущая статья25. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Следующая статья2. БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕРІ