5. ҚР мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілері және сандық кодтары

0
2168

Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының цифрлық кодтарының тізбесі:

Аймақтың атауы (қаланың)Жаңа үлгідегі
код
Ескі үлгідегі
код
Астана қаласы01Z
Алматы қаласы02A
Ақмола облысы03C, W
Ақтөбе облысы04D
Алматы облысы05B, V
Атырау облысы06E
Батыс Қазақстан облысы07L
Жамбыл облысы08H
Қарағанды облысы09M, K
Қостанай облысы10P, W
Қызылорда облысы11N
Маңғыстау облысы12R
Түркістан облысы13X
Павлодар облысы14S
Солтүстік Қазақстан облысы15T, O
Шығыс Қазақстан облысы16F, U
Шымкент қаласы17X
Абай облысы18F, U
Жетісу облысы19B, V
Ұлытау облысы20M, K


Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілері (жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері)

Жеке тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгілер

Тип 1А

 

Жеке тұлғаларға тиесілі жеңіл және жүк автомобильдеріне, автобустарға арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгі.

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 520×112(мм).

Тип 2А

 

бекіту орны 1А типті нөмірлік белгінің габариттеріне сәйкес келмейтін жеңіл автомобильдерге арналған нөмірлік белгі, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустарға арналған артқы нөмірлік белгі.

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 280×202(мм).

Заңды тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгі
Тип 1

заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдеріне арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгі, заңды тұлғалардың жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы нөмірлік белгісі.

Заңды тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 520×112(мм).

Тип 2

бекіту орны 1 типті нөмірлік белгінің өлшемдеріне сәйкес келмейтін жеңіл автомобильдерге арналған нөмірлік белгі. Сондай-ақ заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустар үшін артқы нөмірлік белгі.

Заңды тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 280×202(мм).

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мотоциклдері, мотороллерлеріне арналған нөмірлік белгі
Тип 3

автокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін.

Нөмір белгілерінің өлшемдері 240×202(мм).

Тіркемелерге арналған нөмірлік белгі
Тип 5

көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін.

Нөмірлік белгілердің өлшемдері 280×202(мм).

Транзиттік нөмірлік белгі
Тип 7

жол жүрісіне қатысуға уақытша жіберілген көлік құралдары үшін.

Нөмір белгілерінің өлшемдері 240×260(мм).

Мемлекеттік көлік құралдарының нөмірлік белгілері
Тип 1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы көлік құралдарының алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары
Тип 1С

жеңіл автомобильдерге арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгілер және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жүк автомобильдеріне арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгілер.
Тип 2С

бекіту орны 1С типті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жеңіл және жүк автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

Тип 3C

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мотокөлік құралдары үшін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
Тип 1К

көлік құралдарына арналған нөмірлік белгі.
Дипломатиялық корпус, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ шетелдік қатысумен кәсіпорындардың Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері
Тип 1Г

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің дипломатиялық және консулдық құрамының қызметтік және жеке автомобильдеріне «D» немесе «Т» литері бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 2Г

«D» немесе «Т» литері бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 1Г

шет мемлекеттердің делегацияларын алып жүру жөніндегі хаттамалық іс-шараларға тартылған автомобильдерге арналған алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 1Д

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне «НС» литері бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 2Д

Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің автомобильдеріне «НС» литері бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 1Д

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың автомобильдеріне «Н» литері бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
Тип 2Д

«Н» литері бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

Предыдущая статья4. Жүргізуші куәлігі (лицензиясы) бойынша көлік құралдарының санаттары
Следующая статья1. ТЫЙЫМ САЛУ БЕЛГІЛЕРІ