17. ТҰРҒЫН АЙМАҚТАРДА ЖҮРУ

0
2497

121. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.


122. Тұрғын аймақта:

1) көлік құралдарының толассыз жүруіне;

2) жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;

3) жүргізіп үйренуге;

4) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;

5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына;

6) дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға;

7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.


123. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа қатысушыларға жол береді.


124. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.

Предыдущая статья16. АВТОМАГИСТРАЛЬДАРДА ЖҮРУ
Следующая статья18. МАРШРУТТЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БАСЫМДЫҒЫ