1. Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі

0
4073

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі.

2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметтері.

3. Қазақстан Республикасы ішкі істер огандарының жедел қызметтері.

4. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы органдардың жедел қызметтері.

5. Әскери полиция органдары.

6. Авариялық қызмет.

7. Медициналық жедел жәрдем қызметі.

8. Жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою мобильді топтары.

9. Көліктік бақылау органдарының жылжымалы көліктік-бақылау пункттері.

10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі.

11. Экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелері.

12. Алынып тасталды.

13. Инкассация қызметтері.

14. Ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдары.

15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.

16. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің көлік құралдары.

17. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдары.

18. Мемлекеттік кірістер органдары мобильді топтарының көлік құралдары.

19. Ақылы коммуналдық орынтұрақтарды пайдаланылуын бақылау, көлік құралдарының аялдау мен тоқтап тұру бұзушылықтарды анықтау және тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органдарының көлік құралдары.

Ескертпе:

Түсті-графикалық бояу, таным белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнату Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 445-од бұйрығымен бекітілген «Жедел және арнайы қызмет автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері. Түсті-графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары. Жалпы талаптар» 1863 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен реттеледі.

Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің, экономикалық тергеу қызметінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік кірістер органдары мобильді топтарының көлік құралдарында арнайы түсті-графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.

Көлік құралдарын арнайы түсті-графикалық бояумен, таным белгілерімен, жазулармен, жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталу мүмкіндігімен жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою мобильді топтарына жатқызу күзет қызметімен айналысатын субъектілерді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның растайтын құжаттарын алғаннан кейін жүзеге асырылады.

Велосипедшілердің ұйымдасқан тобына ілесіп жүруді жүзеге асыратын көлік құралдарына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнатуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояуға рұқсат беруді ішкі істер органдары көлік құралын тіркеу туралы куәліктің «Ерекше белгiлер» деген бағанына тиісті жазба енгізу жолымен жүргізеді.

Advertisement
Предыдущая статьяКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Следующая статья2. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлардың тізбесі