4. ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

0
4426

21. Жолаушылар:

1) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (осы Қағидалардың 2-тараудың 9-тармағының 5) тармақшасын ескеріп), ал мотоциклмен жол жүрген кезде – түймеленген мотошлемде болуға;

2) тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.

Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.


22. Жолаушыларға:

1) көлік құралы жүріп келе жатқанда жүргізушіні оны басқарудан алаңдатуға;

2) борт платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде түрегеліп тұруға, бортқа немесе борттардан биік тұратын жүктің үстіне отыруға;

3) көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады.

Предыдущая статья3. ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Следующая статья5. БАҒДАРШАМНЫҢ ЖӘНЕ РЕТТЕУШІНІҢ СИГНАЛДАРЫ