1. Автомагистральдарда тыйым салынады:
1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға;
2) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограммнан асатын жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға;
3) 5.15 немесе 6.11 белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге аялдауға;
4) бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге;
5) артқа қарай жүруге;
6) жүргізіп үйренуге тыйым салынады.
2. Жолдың жүру бөлігінде мәжбүрлі аялдау кезінде жүргізуші көлік құралын Қағидалардың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес белгілейді және оны осыған арналған жолаққа (жолдың жүру бөлігін белгілейтін сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолданады.
3. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ 5.3 белгісімен белгіленген жолдарға да қолданылады.