2. ТІГІНЕН ТАҢБА

0
2992

Тігінен таңба жол құрылыстарындағы және жол жабдықтары элементтеріндегі қара және ақ түсті жолатың араласуы түріндегі тігінен таңба олардың габариттерін көрсетеді және көріп бағдарлау құралы болып табылады.

2.1

элементтер жүріп келе жатқан көлік құралдарына қауіп төндірсе, жол ғимараттары элементтерін (көпір таянышы, жол құбырлары, парапеттердің бүйір бөлігі және сол сияқтылар) білдіреді.

2.2

тоннельдердің, көпір және жолқұбырлары өту құрылымының төменгі шетін білдіреді.

2.3

бөлу жолақтарында немесе қауіпсіздік аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны білдіреді.

2.4

бағыттаушы бағаналарды, бағаншаларды, қоршау таяныштарын және сол сияқтыларды білдіреді.

2.5

шағын радиустың айналыстарындағы, тік құлама жарлардағы, басқа да қауіпті учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді.

2.6

басқа учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді.

2.7

қауіпті учаскелер мен биіктегі қауіпсіздік аралдарының бордюрлерін білдіреді.


Предыдущая статья1. КӨЛДЕНЕҢ ТАҢБА
Следующая статья1. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ