Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК 3450 тг.) |
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту | 599-бап 1 б. | 10 |
Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту | 594-бап 1 б. | 3 |
Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншіге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушысына жол бермеу | 600-бап 1 б. | 10 |
Жол қиылыстарынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын КҚ-ға жол бермеу | 594-бап 2 б. | 15 |
Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу | 598-бап 1 б. | 7 |
Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу | 598-бап 2 б. | 15 |
Теміржол өтпелерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы берілген кезде теміржол өтпелеріне шығу, сол сияқты теміржол өтпесінде тоқтау немесе тоқтап тұру | 607-бап 1 б. | 10 |
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі 2. КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫНАН, ӨТПЕЛЕРДЕН ЖҮРІП ӨТУ