1. ТЫЙЫМ САЛУ БЕЛГІЛЕРІ

0
1427

Жаднама Кәсіпорындар аумағында қолданылатын негізгі қауіпсіздік белгілері.
Кесте ҚР СТ МемСТ 12.4.026 «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық талаптар және қолдану тәртібі» негізінде жасалды.
Тыйым салу белгілері (белгінің түсі – қызыл, пішіні – домалақ)

Г 01«Темекі шегуге болмайды»

Темекі шегу өртке себеп болатын кезде пайдалану керек. Жаңғыш май, тез тұтанатын заттар болатын телімдердің, жайлардың есіктерінде және қабырғаларында, немесе темекі шегуге тыйым салынатын ғимараттарда пайдаланылсын

Г 02«Ашық отты қолдануға және темекі шегуге тыйым салынады»

Ашық отты қолдану және темекі шегу өртке себеп болатын кезде пайдаланылсын. Ғимараттардың, телімдердің кіру есіктерінде, қабырғаларында, жұмыс орындарында, ыдыстарда, өндірістік ыдыстарда

Г 03«Кіруге болмайды»

Қауіпті белдеулердің, ғимараттардың, бөлімдердің кіре берістерінде

Г 04«Сумен сөндіруге болмайды»

Өрт және жану кездерінде суды пайдалануға болмайтын электрлік жабдықтар орналасқан жерлерде, қоймаларда және басқа да жерлерде

Г 05«Ауыз су ретінде қолдануға болмайды»

Ішуге және тұрмыс қажеттілігіне пайдалануға болмайтын техникалық суы бар ыдыстарда және техникалық су құбырларында

Г 06«Бөгде адамдарға кіруге болмайды»

Ғимараттардың есіктерінде, объектілердің, телімдердің және т.б кіре берістерінде, қауіпті аймақтарға кіруге (өтуге) тыйым салуды немесе қызметтік кіру есігін (өткелді) белгілеу үшін

Г 07«Едендік көлік құралдарының жүрісіне тыйым салынады»

Едендік көлік құралдарын қолдануға тыйым салынатын жерлерде (мысалы, жүк тиегіштер немесе едендік жүк тасушылар)

Г 08«Ұстауға болмайды. Қауіпті»

Ұстағанда қауіп төндіретін жабдықтарда (жабдықтар тораптарында), есікшелерінде, қалқандарда немесе басқа да жерлерде

Г 09«Ұстауға болмайды. Корпуста электр кернеуі бар»

Электр тоғымен зақымдану қаупі бар корпустардың беттерінде, қалқандарда және т.б.

Г 10«Қосуға болмайды!»

Жөндеу және қосу-жөндеу жұмыстары кезінде жабдықтарды немесе механизмдерді басқару және қосу пульты

Г 11«Жүрек қызметін реттеушісі бар адамдарға жұмыс істеуге (осы маңда болуға) болмайды»

Жүрек қызметін реттейтін құрал қойылған адамдарға жұмыс істеуге болмайтын немесе оларға болуға болмайтын жерлерде және жабдықтарда

Г 12«Өткелдерді бөгеуге және (немесе) қойма жасауға болмайды»

Қоныс аудару жолында, шыға беріс жерлерде, өртке қарсы қорғаныс құралдары және алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрі салғыш орналасқан жерлерде және басқа да жерлерде

Г 13«Адамдарға шахталық өзекпен көтерілуге (түсуге) (жолаушыларды тасуға болмайды) болмайды»

Жүк жеделсатыларының және басқа да көтеру механизмдерінің есіктерінде

Г 14«Жануарлармен кіруге (өтуге) болмайды»

Жануарларды ұстауға болмайтын, жануарлармен кіруге (өтуге) болмайтын ғимараттардың, құрылымдардың, объектілердің, бөлмелердің аумақтардың қақпаларында және есіктерінде

Г 15«Металл имплантанттары бар адамдарға жұмыс істеуге (болуға) болмайды»

Металл имплантанттар қойылған адамдарға жұмыс істеуге болмайтын немесе оларға болуға болмайтын жерлерде, телімдерде және жабдықтарда

Г 16«Суды шашуға болмайды»

Суды шашуға болмайтын жерлерде және телімдерде

Г 17«Мобильдік (ұялы) телефон немесе көшпелі рация пайдалануға болмайды»

Жеке радиожиілік электромагниттік өрісі бар байланыс құралдарын пайдалануға болмайтын ғимараттардың есіктерінде, объектілердің кіре берістерінде

Г 18

«Тыйым салу (түрлі қауіптілік немесе қауіпті әрекеттер)»

Осы стандартта ескерілмеген қауіптіліктерді белгілеуге қолданылсын. Белгіні түсініктемелік жазулармен бірге немесе түсініктемелік жазулары бар қосымша қауіпсіздік белгісімен бірге пайдалану керек.

Г 19«Өзімен бірге (үстінде) металл заттарды (сағат және т.б) алуға болмайды»

Объекттердің, жұмыс орындарының, жабдықтардың, аспаптардың және т.б. кіре берістерінде. Белгінің қолдану саласы кеңеюі мүмкін

Г 20«Тамақтануға болмайды»

Денсаулыққа зиянды заттармен жұмыс істейтін жерлерде және телімдерде, сонымен қатар тамақтануға болмайтын жерлерде. Белгінің қолдану саласы кеңеюі мүмкін

Г 21«Үлкен амплитудадағы сермелетін жабдық элементтеріне жақындауға болмайды»

Үлкен амплитудадағы сермелетін жабдық элементтері бар жабдықтарда және жабдықтарға қызмет көрсететін жұмыс орындарында

Г 22«Қолмен алуға болмайды. Сусымалы масса (Бос байланған орама)»

Сусымалы материалдар пайдаланылатын өндірістік ыдыстарда, қоймаларда және басқа да орындарда

Г 23«Адамдарға көтерілу (түсу) үшін жеделсатыны пайдалануға болмайды»

Жүк жеделсатыларының есіктерінде және басқа да көтеру механизмдерінде. «Өрт кезінде жеделсатыны пайдалануға болмайды, баспалдақпен шығу керек» деген қауіпсіздік белгілерінің тобына кіреді

Предыдущая статья5. ҚР мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілері және сандық кодтары
Следующая статья2. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ