125. Жол қиылысынан тыс, трамвай жолдары жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін жерлерде трамвай, деподан шыққаннан жағдайлардан басқа, рельссіз көлік құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.
126. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9
, 5.9.2-5.9.4![]()
![]()
, 5.10.1-5.10.3![]()
![]()
белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдарының (осы Қағидалардың 166 және 168-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) және М3 санатындағы өзге де көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.
127. Елді мекендерде жүргізушілер белгіленген маршрутпен жүріп келе жатқан, белгіленген аялдамалардан жүруді бастайтын троллейбустар мен автобустардың жүргізушілеріне жол береді. Троллейбустар мен автобустардың жүргізушілері оларға жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді бастайды.