3. ТЫЙЫМ САЛАТЫН БЕЛГІЛЕР

0
17443

Тыйым салатын белгілер жол жүрісіне белгілі бір шектеулер енгізеді немесе оларды жояды.

3.1

«Кіруге тыйым салынады»
Осы бағытта барлық көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады.

3.2

«Жүруге тыйым салынады»
Барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.3

«Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады»

3.4

«Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады»
Жүк автомобильдері мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгіде массасы көрсетілмесе) немесе рұқсат етілген ең жоғары массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдары құрамдарының, сондай-ақ тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.
3.4 белгісі борттарында қиғаш ақ жолағы бар немесе адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды.

3.5

«Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады»

3.6

«Тракторлардың жүруіне тыйым салынады»
Тракторлардың және өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.

3.7

«Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады»
Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне және механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады.

3.8

«Көлік-арбаның жүруіне тыйым салынады»
Көлік-арбаның (шананың), мініс және жүк артылған малдардың жүруіне, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.

3.9

«Велосипедпен жүруге тыйым салынады»
Велосипедтер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады.

3.10

«Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады»

3.11

«Массаны шектеу»
Жалпы нақты массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының, оның ішінде көлік құралдары құрамдарының жүруіне тыйым салынады.

3.12

«Оське түсетін жүктемені шектеу»
Қандай болса да оське түсетін нақты жүктемесі белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.13

«Биіктікті шектеу»
Габариттік биіктігі (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.14

«Енді шектеу»
Габариттік ені (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.15

«Ұзындықты шектеу»
Габариттік ұзындығы (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүруіне тыйым салынады.

3.16

«Ең төменгі дистанцияны шектеу»
Олардың арасындағы дистанция белгіде көрсетілгеннен кем көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.17.1

«Кеден»
Кеден (бақылау пунктінің) жанында тоқтамай өтуге тыйым салынады.

3.17.2

«Қауіптілік»
Жол-көлік оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауіптіліктерге байланысты әрі қарай барлық көлік құралдарының жүруіне ерекшеліксіз тыйым салынады.

3.17.3

«Бақылау»
Бақылау пункттері арқылы аялдаусыз жүруге тыйым салынады.

3.18.1

«Оңға бұрылуға тыйым салынады»

3.18.2

«Солға бұрылуға тыйым салынады»

3.19

«Кері бұрылуға тыйым салынады»

3.20

«Басып озуға тыйым салынады»
Сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан жекелегендерден басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

3.21

«Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы»

3.22

«Жүк автомобильдеріне басып озуға тыйым салынады»
Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне, сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүретін жекелегендерінен басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлік-арба және велосипедтерден басқа барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

3.23

«Жүк автомобильдерінің басып озуына тыйым салынатын аймақтың аяқталуы»

3.24

«Ең жоғары жылдамдықты шектеу»
Белгіде көрсетілгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады.
Ескертпе.
Егер жолдың осы учаскесіне енгізілетін ең жоғары жылдамдықты шектеу алдыңғы учаскедегі қозғалыстың жол берілген жылдамдығынан 20 км/сағ. аса өзгеше болатын болса, бір-бірінен 100 метрден 150 метрге дейінгі арақашықтыққа алшақтатылған 3.24 белгілерін жүйелі орнату арқылы 20 км/сағ. аспайтын қадаммен жылдамдықты сатылап шектеу қолданылады.
Жылдамдықты сатылап шектеу, егер белгілердің көрінуі кемінде 150 м құраса, 5.22 белгісімен белгіленген елді мекендер алдында қолданылмайды.

3.25

«Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы»

3.26

«Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады»
Сигнал жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін берілген жағдайлардан басқа дыбыс сигналын пайдалануға тыйым салынады.

3.27

«Тоқтауға тыйым салынады»
Көлік құралдарының тоқтауына және тоқтап тұруына тыйым салынады.

3.28

«Тоқтап тұруға тыйым салынады»
Көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады.

3.29

«Айдың тақ күндері тоқтап тұруға тыйым салынады»
3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты – сағат 19-дан 21-ге дейін.

3.30

«Айдың жұп күндері тоқтап тұруға тыйым салынады»
3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты – сағат 19-дан 21-ге дейін.

3.31

«Барлық шектеулер аймағының аяқталуы»
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 – 3.30 белгілерінің бірнешеуін бір мезгілде қолдану аймағының аяқталуы.

3.32

«Көлік құралдарының қауіпті жүктермен жүруіне тыйым салынады»
«Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады

3.33

«Көлік құралдарының жарылғыш және тез тұтанғыш жүктермен жүруіне тыйым салынады»
«Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған және МемСТ-19433 бойынша 1, 2.2 – 2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауіпті жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

3.2 – 3.9, 3.32 және 3.33 белгілері тиісті көлік құралдары түрлерінің екі бағытта жүруіне тыйым салады.

Мына белгілердің күші:

3.1 – 3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 – маршруттық көлік құралдарына;

3.2 – 3.8 – белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі көлік құралдарына. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек;

3.28 – 3.30 – таксометрі іске қосулы таксиге;

3.2, 3.3, 3.28 – 3.30 – I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды.

3.18.1, 3.18.2 белгілерінің күші алдына белгі орнатылған жүру бөлігінің қиылысына қолданылады.

3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 – 3.30 белгілері қолданылатын аймақтар белгі қойылған жерден бастап одан кейінгі жақын жол қиылысына дейін, ал елді мекендерде жол қиылысы жоқ болса – елді мекен аяқталғанға дейін қолданылады.

Елді мекеннің алдына қойылған 5.22 белгісімен белгіленген 3.24 белгісінің күші осы белгіге дейін қолданылады.

Белгілердің күші қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда:

7.2.1 тақтайшасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгілері үшін;

3.20, 3.22, 3.24 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына тиісінше 3.21, 3.23, 3.25 белгілерін орнатумен немесе 7.2.1 тақтайшасын қолданумен; 3.24 белгісінің күші қолданылатын аймақ ең жоғары жүру жылдамдығының басқа мәнімен 3.24 белгісін орнатумен;

3.27 – 3.30 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына 7.2.3 тақтайшасымен 3.27 – 3.30 қайталама белгілерін орнатумен немесе 7.2.2 тақтайшасын қолданумен азайтылуы мүмкін. 3.27 белгісі 1.4 таңбасымен, ал 3.28 белгісі – 1.10 таңбасымен бірге қолданылуы мүмкін, бұл ретте белгілердің қолданылатын аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.

3.10, 3.27 – 3.30 белгілерінің күші жолдың олар орнатылған жағына ғана қолданылады.

Предыдущая статья2. БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Следующая статья4. НҰСҚАЙТЫН БЕЛГІЛЕР