6. Көлік салығын қалай есептеуге және салықты онлайн төлеуге болады

0
860

1. Көлік салығын қалай есептеуге болады?

Ол үшін Комитет порталында www.kgd.gov.kz калькуляторды тауып, салық кезеңі, көлік қозғалтқышының түрі мен көлемі туралы мәліметтерді енгізіңіз.

Электрондық Сервистің өзі тиесілі салық сомасын есептейді.
Калькулятор порталдың негізгі экранында, «электрондық қызметтер» бөлімінде орналасқан, оны табу оңай.

«Ағымдағы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет», – деп атап өтті Комитеттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты көлік құралдарына салынатын салық бойынша өсімпұлды есептеу алгоритмі де қайта қаралды.


2. Kaspi.kz мобильді қосымшасында көлік салығын қалай төлейді?

Kaspi.kz мобильді қосымшасында көлік салығын комиссиясыз төлей аласыз.

Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «Салық» → «Көлік және мүлік салығын» таңдап, «Тексеру» деп басыңыз. Егер салық салынса, ол туралы ақпарат (салықтың түрі, сомасы) бар тізім ашылады. Содан кейін төлем тәсілін таңдап, төлемді растаңыз.

Осыдан кейін сіз төленгені туралы түбіртекті аласыз да, «Тарих» қосымша бетіне өте аласыз. Мұнда Kaspi.kz мобильді қосымшасында түбіртекті смартфоныңызға жүктелген кез келген бағдарламаның көмегімен жіберуге болады.


3. Kaspi.kz мобильді қосымшасында ағымдағы жылға (немесе өткен жылдардағы қарыздар) көлік салығын қалай алдын ала төлеуге болады?

Мобильді қосымшада Kaspi.kz сіз көлік салығын комиссиясыз төлей аласыз.

Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «Салық» → «Жеке н/е Заңды тұлғалар үшін салық деректемелері бойынша» және олар туралы ақпаратпен тізім ашылады: өрістер мен салық сомасын толтырыңыз. Содан кейін төлем әдісін таңдап, төлемді растаңыз.

Осыдан кейін сіз төленгені туралы түбіртекті аласыз да, «Тарих» қосымша бетіне өте аласыз. Мұнда Kaspi.kz мобильді қосымшасында түбіртекті смартфоныңызға жүктелген кез келген бағдарламаның көмегімен жіберуге болады.


4. Балама жағдайда E-salyq-Azamat тегін мобильді қосымшасы арқылы есептеуге және төлеуге болады

Предыдущая статья7. КӨРСЕТУ БЕЛГІЛЕРІ
Следующая статья7. Көлікте не болуы керек: ЖҚЕ бойынша және көлікте болуы керек маңызды заттар