Бұйыру белгілері (белгінің түсі – көк, пішіні – домалақ)
Е 01 | «Қорғайтын көзәйнекпен жұмыс істе» Көзді қорғауды талап ететін жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 02 | «Қорғайтын каскамен (дулығамен) жұмыс істе» Басты қорғауды талап ететін жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 03 | «Қорғайтын құлаққаппен жұмыс істе» Өте шулы жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 04 | «Тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарымен жұмыс істе» Тыныс алу мүшелерін қорғауды талап ететін жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 05 | «Қорғайтын аяқ киіммен жұмыс істе» Жеке қорғаныс құралдарын қолдануды талап ететін жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 06 | «Қорғайтын қолғаппен жұмыс істе» Қолды зиянды немесе агрессиялық ортаның әсерінен, электр тоғының жарақаттауынан қорғауды талап ететін жұмыс орындары мен телімдерде |
Е 07 | «Қорғану киімінде жұмыс істе» Жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды қажет ететіп жұмыс орындарында және телімдерде |
Е 08 | «Қорғайтын қалқанмен жұмыс істе» Бетті және көзді қорғауды қажет ететін жұмыс орындарында және бөліктерде |
Е 09 | «Сақтандырғыш белдікпен жұмыс істе» Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтандырғыш белдікті пайдалануды талап ететін жұмыс орындарында және телімдерде |
Е 10 | «Өткел» Өтуге болатын аймақтар мен телімдерде |
Е 11 | «Жалпы ұйғарым белгісі (басқа да бұйырулар)» Осы стандартта белгіленбеген ұйғарымдар үшін. Белгіні түсініктемелік жазуы бар қосымша қауіпісіздік белгісімен бірге қолданылады |
Е 12 | «Жер үстілік жолмен өту» Жер үстілік жолдар белгіленген телімдер мен аумақтарда |
Е 13 | «Штепсельдің айырын ажырат» Электрлік жабдықтарды жөндеу немесе тоқтату кезінде және басқа жағдайларда электр көзінен ажыратуды талап ететін жұмыс орындарында және жабдықтарда |
Е 14 | «Жұмыс істер алдында ажырат» Жөндеу немесе реттеу-қосу жағдайындағы жабдықтарда және жұмыс орындарында |
Е 15 | «Темекі шегетін орын» Өндірістік нысаналарда темекі шегетін орынды белгілеу үшін пайдаланылады |