21. ЖҮРГІЗІП ҮЙРЕНУ

0
2548

146. Көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс.


147. Жолдарда жүргізіп үйрену тек қана үйретушімен және үйренушінің бастапқы басқару дағдылары болған кезде, механикалық көлік құралында жолаушылар болмағанда ғана жүзеге асырылады.


148. Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің – жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.


149. Жүргізуді үйренуге арналған механикалық көлік құралы Негізгі ережелердің 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша жабдықталады.


150. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.

Предыдущая статья20. МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН СҮЙРЕТУ
Следующая статья22. ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ