7. ҚОСЫМША АҚПАРАТ БЕЛГІЛЕРІ (ТАҚТАЙШАЛАР)

0
8322

Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар) олармен қолданылатын белгілерді нақтылайды немесе шектейді.

7.1.1

«Объектіге дейінгі арақашықтық»
Белгіден қауіпті учаскенің, тиісті шектеу енгізу орнының немесе жүру барысы бойынша алдағы белгілі бір объектінің (орынның) басталуына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

7.1.2

«Объектіге дейінгі арақашықтық»
Егер жол қиылысының тікелей алдында 2.5 белгісі орнатылған жағдайда 2.4 белгісінен жол қиылысына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

7.1.3 – 7.1.4

«Объектіге дейінгі арақашықтық»
Жолдан тысқары тұрған объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

7.2.1

«Қолданылу аймағы»
Белгілермен белгіленген жолдың қауіпті учаскесінің ұзындығын немесе тыйым салатын және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді көрсетеді.

7.2.2

«Қолданылу аймағы»
белгісі 3.27 – 3.30 тыйым салатын белгілердің қолданылу аймағын көрсетеді;

7.2.3

«Қолданылу аймағы»
белгісі 3.27-3.30 белгілерінің қолданылу аймағының аяқталғанын көрсетеді; 

7.2.4

«Қолданылу аймағы»
белгісі жүргізушілерге олар 3.27 – 3.30 белгілерінің қолданылу аймағында екендігі туралы хабарлайды;

7.2.5 – 7.2.6

«Қолданылу аймағы»
белгілері алаңның, ғимарат фасадының және осыған ұқсастардың бір жағының бойында тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салу кезінде 3.27 – 3.30 белгілерінің бағытын және қолданылу аймағын көрсетеді.

7.3.1 – 7.3.3

«Қолданылу бағыттары»
Жол қиылысы алдында орнатылған белгілердің қолданылу бағытын немесе жолдың тікелей жанында тұрған таңбаланған объектілерге жүру бағытын көрсетеді.

7.4.1 – 7.4.8

«Көлік құралының түрі»
Белгінің күші қолданылатын көлік құралының түрін көрсетеді.
7.4.1 кестесі белгінің күшін жүк автомобильдеріне, ал 7.4.2 кестесі оның ішінде рұқсат етілген массасы 3,5 тоннадан асатын, тіркемесі барларға, 7.4.3 кестесі жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ рұқсат етілген массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдеріне, 7.4.8 кестесі «Қауіпті жүк» деген таным белгілерімен жабдықталған көлік құралдарына қолдандырады.

7.4.8a

«Маршруттық көлік құралының түрі»

7.4.8б

«Туристік автобус»
Туристік автобусты тоқтату және оған туристерді отырғызу үшін алаңды көрсету үшін 5.15 «Тұру орны» белгісімен қолданылады.

7.4.9 – 7.4.14

«Көлік құралдары түрінен басқа»
Белгі әрекет етпейтін көлік құралының түрін көрсетеді.

7.5.1

«Сенбі, жексенбі және мереке күндері»
Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

7.5.2

«Жұмыс күндері»
Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

7.5.3

«Апта күндері»
Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

7.5.4

«Қолданылу уақыты»
Белгі қолданылатын тәуліктің уақытын көрсетеді.

7.5.5 – 7.5.7

«Қолданылу уақыты»
Белгі қолданылатын аптаның күндері мен тәуліктің уақытын көрсетеді.

7.6.1 – 7.6.18

«Көлік құралын тұраққа қоюдың тәсілі»
7.6.1 барлық көлік құралдары тротуардың бойымен жүру бөлігіне қойылуы тиіс екенін көрсетеді;
 7.6.2 – 7.6.9 жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерді тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсілін көрсетеді.
 5.15 белгісімен қолданылады.
7.6.2-7.6.18 кестелері жеңіл автокөліктер мен мотоциклдерді қою тәсілін көрсетеді.

7.7

«Жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тоқтап тұру»
5.15 белгісімен белгіленген тұрақта қозғалтқышы жұмыс істемейтін көлік құралдарына ғана тоқтап тұруға рұқсат етілетіндігін көрсетеді.

7.8

«Ақылы қызмет көрсетулер»
Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетілетінін көрсетеді.

7.9

«Тоқтап тұрудың ұзақтығын шектеу»
Көлік құралының 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетеді.

7.10

«Автомобильдерді қарап тексеруге арналған орын»
5.15 немесе 6.11 белгісімен таңбаланған алаңда эстакада немесе қарау шұңқыры бар екенін көрсетеді.

7.11

«Толық массаны шектеу»
Белгінің күші рұқсат етілген ең жоғары массасы тақтайшада көрсетілгеннен асатын көлік құралдарына ғана қолданылатынын көрсетеді.

7.13

«Басты жолдың бағыты»
Жол қиылысында басты жолдың бағытын көрсетеді.

7.14

«Жүру жолағы»
Бөлігінің немесе бағдаршамның күші қолданылатын жүру жолағын көрсетеді.

7.15

«Көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншілер»
Жаяу жүргіншілердің өтпесін көру қабілетінен толық айырылған адамдардың пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен бірге қолданылады.

7.16

«Ылғалды жабын»
Белгі жүру бөлігінің жабыны ылғал уақыт кезеңінде қолданылатынын көрсетеді.

7.17

«Мүгедектігі бар адамдар»
5.15 белгісінің «Мүгедектігі бар адам» таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.

7.18

«Мүгедектігі бар адамдардан басқа»
Белгілер «Мүгедектігі бар адам» таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.

7.19

«Қауіпті жүк сыныбы»
19433-88 МемСТ бойынша қауіпті жүктердің сынып (сыныптарының) нөмірін көрсетеді. 3.32, 4.9.1-4.9.3 белгілерімен қолданылады.

7.21

«Эвакуатор жұмыс істейді»

7.21.1

«Маршруттық көлік құралының түрі»

7.22

«Көлік құралының түрі»
Сыртқы көзден зарядтау мүмкіндігі бар электромобильдер мен гибридті автомобильдерге қолданылады.

7.23

«Көлік құралының түрінен басқа»
Сыртқы көзден зарядтау мүмкіндігі бар электромобильдер мен гибридті автомобильдерге қолданылмайды.

7.24

«Көлік құралының экологиялық сыныбы»

7.25

«Электромобильдерді зарядтау»

Тақтайшалар олар қолданылатын белгінің тікелей астында орналастырылады. 7.2.2 – 7.2.4, 7.13 тақтайшалары белгілер жүру бөлігінің, жол жиегінің немесе тротуардың үстінде орналасуы кезінде белгінің бүйіріне орналастырылады.

      Уақытша жол белгілерінің (көшірілетін бағандағы) және стационарлық белгілердің мәндері бір-біріне қайшы келген жағдайда, жүргізушілер уақытша белгілерді басшылыққа алуы тиіс.

      7.21 кестесі көлік құралының кешігуі мүмкін екендігі туралы ақпараттандыру және оны мамандандырылған тұраққа орналастыру үшін 3.27 – 3.30 тыйым салу белгілерімен бірге қолдануға жол беріледі.

      7.24 кестесі экологиялық сыныбы кестелікте көрсетілгеннен төмен немесе экологиялық сыныбы осы көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарында көрсетілмеген көлік құралдарына белгінің қолданысын тарату үшін 3.2-3.6, 4.1.1- 4.1.6, 3.18.1, 3.18.2 белгілерімен қолданылады. Экологиялық сыныбы кестелікте көрсетілгенге сәйкес не жоғары немесе экологиялық сыныбы осы көлік құралдарының тіркеу құжаттарында көрсетілмеген көлік құралдарына белгінің қолданысын тарату үшін 5.15 белгілерімен қолданылады.

Предыдущая статья6. СЕРВИС БЕЛГІЛЕРІ
Следующая статья8. ҚАУІПТІ ЖҮКТІҢ БЕЛГІЛЕРІ