4. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БЕЛГІЛЕРІ

0
1596

Өрт қауіпсіздігі белгілері (белгінің түсі – қызыл, пішіні – шаршы)

Ж 01«Бағыттауыш тіл»

Тек қана өзге өрт қауіпсіздігі белгілерімен бірге өртке қарсы қорғаныс құралдары тұрған (орналасқан) жерге қарай қозғалыс бағытын көрсету үшін пайдаланады

Ж 02«45° қиғаш бағыттауыш тіл»

Тек қана өзге өрт қауіпсіздігі белгілерімен бірге өртке қарсы қорғаныс құралдары тұрған (орналасқан) жерге қарай қозғалыс бағытын көрсету үшін пайдаланады

Ж 03«Өрт краны»

Өрт сөндіру өңеші және оқпаны бар өрт кранының жинағы тұрған жерлерде

Ж 04«Өрт сатысы»

Өрт сатысы тұрған жерлерде

Ж 05«Өрт сөндіргіш»

Өрт сөндіргіш түрған жерлерде

Ж 06«Өрт кезінде пайдаланатын телефон (оның ішінде өрт қорғанысымен тікелей байланыс телефоны)»

Өрт сөндірушілерді шақыратын телефондар орналасқан жерлерде

Ж 07«Бірнеше өртке қарсы қорғаныс құралдары тұрған орын»

Бірнеше өртке қарсы қорғаныс құралдарын бір уақытта тұрған (орналасқан) жерлерде

Ж 08«Өрт сөндіруге арналған су көзі»

Өрт сөндіруге арналған су қоймалары немесе өрт сөндіру машиналарына арналған пирс орналасқан жерлерде

Ж 09«Өрт сөндіруге арналған құрғақ тік құбыры»

Өрт сөндіруге арналған құрғақ тік құбыр орналасқан жерлерде

Ж 10«Өрт гидранты»

Жер астына арналған өрт гидранттары орналасқан жерлерде. Белгіде гидрантқа дейінгі қашықтығы метрмен белгіленген сандар болу керек

Ж 11«Өрт автоматикасы қондырғысын (жүйесін) іске қосатын кнопка»

Өрт дабылы, өрт сөндіру қондырғыларын және (немесе) түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдан іске қосу орындарында. Өрт дабылын беретін (орындарда) жерлерде

Ж 12«Өрт дабылын дыбыстап хабарлау»

Дыбыстап хабарлағыш тұрған жерлерде немесе Ж10 «Өрт автоматикасы қондырғысын (жүйесін) іске қосатын кнопка» белгісімен бірге

Предыдущая статья3. БҰЙЫРУ БЕЛГІЛЕРІ
Следующая статья5. ҚОНЫС АУДАРУ БЕЛГІЛЕРІ