24. ВЕЛОСИПЕДТЕРДІҢ, МОПЕДТЕРДІҢ, КӨЛІК АРБАЛАРДЫҢ ЖҮРУІНЕ, СОНДАЙ-АҚ МАЛ АЙДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

0
3983

Ескерту. 24-тараудың тақырыбы – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

165. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.


166. Велосипед жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей жүреді.

Он төрт жасқа толмаған велосипедшілерге жүру бөлігінің оң жақ шетімен, маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, жолдың жиектерімен жүруге жол берілмейді.

Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Мұндай жерлерде сонымен қатар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге де рұқсат етіледі.

Ескерту. 166-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


167. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


168. Мопед жүргізушілердің велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады.

Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


168-1. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде:

осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда;

жол жиегімен;

жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүреді.

Он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілердің өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруіне жол берілмейді.

Ескерту. Қағида 168-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


169. Ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.


170. Велосипедшілер, ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдар колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шаналар) бес-бестен топтарға бөлінуге тиіс. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы сексен – жүз метр болуға тиіс.


171. Мопед, электр самокат және велосипед жүргізушілердің:

1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;

3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;

4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;

5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;

6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;

7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;

8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына тыйым салынады.

Ескерту. 171-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


172. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипедтердің және мопедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс.

Ат-арба көлігі (шана) жүргізушісі көрінуі шектеулі жерлерде қосымша жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап жетектеп жүреді.


172-1. Шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің:

1) рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

2) жолаушыларды тасымалдауына;

3) жүкті тасымалдауына;

4) жолдың жүру бөлігімен жүруіне;

5) жанында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне;

6) шағын электр көлігі құралдарын, шағын электр көлігі құралдарымен сүйретуіне;

7) шағын электр көлігі құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне тыйым салынады.

Ескерту. Қағида 172-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.


173. Малдарды, әдетте, тәуліктің жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдарды мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақын бағыттауға тиіс.


174. Тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында бір топ малды жол бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда малдың бар екенін ескерту үшін жүргізушілерге сигнал береді.

Шырақпен немесе фонарьмен қолды шеңбер жасап қозғау сигнал болып табылады, бұл ретте сигнал беруші бір топ мал жақындап келе жатқан көлік құралдары жағынан он-он бес метр арақашықтықта болады.


175. Малдарды теміржолдар арқылы айдаған кезде мал табыны мал айдаушылардың санын ескере отырып, әрбір топты қауіпсіз айдап өтуді қамтамасыз ететіндей топтарға бөлінуге тиіс.


176. Ат-арба көліктерінің (шаналардың) жүргізушілеріне, мал айдаушылар мен жүк артылған, жегілген және мініс малдарының және малдардың иелеріне:

1) малдың жабыны қатты жолдарға шығып кетуі мүмкін жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;

2) малдарды теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге;

3) өзге жолдар болған кезде малдарды жабын асфальт және цемент-бетон жолдармен жетектеп жүруге жол берілмейді.

Предыдущая статья23. ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ
Следующая статья25. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ