2. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

0
537

Ескерту белгілері (белгінің түсі – сары, пішіні – үш бұрышты)

Д 01«Өрт қауіпі бар. Тез тұтанатын заттар»

Тез тұтанатын заттары бар жайларға көңіл аудару үшін пайдаланады. Кіре берістерде, сөрелердің есікшелерінде, ыдыстарда және т.б.

Д 02«Жарылыс қаупі бар»

Жарылыс қаупі бар заттарға, сонымен қатар жайлар мен телімдерге кенйі аудару үшін пайдаланады. Кіре берістерде, жайлардың қа б ырғалары нда, с өрел ерді ң есікшслерінде және т.б.

Д 03«Қауіпті. Улы затар»

Улы заттарды сақтайтын, өндіретін, қолданатын және, бөлінетін орындарда

Д 04«Қауіпті. Ойып түсетін және тот басатын заттар»

Ойып түсетін және тот басатын заттарды қолданатын және сақтайтын, бөлетін, шығаратын орындарда

Д 05«Қауіпті. Радиобелсенді заттар немесе иондық сәуле шашу»

Радиобелсенді заттар болатын және қолданылатын немесе иондық сәуле шашу болатын жайлардың есіктерінде, сөрелердің есікшелерінде және т.б. жерлерде МСТ 17925 бойынша радиациялық қауіптілік белгісін қолдануға болады

Д 06«Қауіпті. Жүк құлауы мүмкін»

Көтеретін көлік құралдары пайдаланылатын кауіпті белдеулерде, құрылыс алаңдарында, телімдерде, цехтарда, шеберханаларда және т.б. жерлерде

Д 07«Наурыз аудар. Авто көтергіш»

Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін жайлар мен телімдерде

Д 08«Электр тоғымен зақымдану қаупі бар»

Тоқ өткізу желілерінің, электр жабдыктарының баганаларында және аспаптарда, күштік қаңқалардың есікшелерінде, электротехникалық панельдер мен сөрелерде, сонымен қатар жабдықтардың, механизмдердің, аспаптардың ток өткізетін бөліктерінің қоршауларында

Д 09«Назар аудар. Қауіпті (басқа қауіп)»

Осы стандартпен белгіленбеген басқа да қауіп түрлеріне көңіл аударуға пайдаланады. Белгіні түсініктемелік жазуы бар қосымша қауіпсіздік белгісімен бірге пайдалану керек

Д 10«Қауіпті. Лазерлік сәуле шашу»

Лазерлік сәуле шашу бар жайлардың есіктерінде, жабдықтарда, аспаптарда және басқа да жерлерде

Д 11«Өрт қаупі бар. Тотықтырғыш»

Тотықтырғыш барына көңіл аудару мақсатында жайлардың есіктерінде, сөрелердің есікшелерінде

Д 12«Абайла. Электромагниттік өріс»

Электромагниттік өріс болатын жайлардың есіктерінде, жабдықтарда, аспаптарда және басқа да жерлерде

Д 13«Абайла. Магнит өрісі»

Магнит өрісі бар жайлардың есіктерінде, жабдықтарда, аспаптарда және басқа да жерлерде

Д 14«Абайла. Елеусіз кедергілер»

Сүрініп құлайтын елеусіз кедергілер бар жерлерге

Д 15«Абайла. Биіктен құлау қаупі бар»

Биіктен құлау қаупі бар жерлерге және қауіпті белдеулерге кіре беріс жерлерге

Д 16«Абайла. Биологиялық қауіп (инфекциялық заттар)»

Денсаулыкқа зиянды биологиялық заттарды сақтайтын, шығаратын немесе қолданатын жерлерде

Д 17«Абайла. Суық»

Тоңазытқыштар мен тоңазытқыш камералардың есіктерінде, компрессорлық агрегаттарда және басқа тоңазытқыш құралдарында

Д 18

«Абайла. Денсаулыққа зиянды аллергиялық (қоздырғыш) заттар»

Денсаулыққа зиянды аллергиялық (қоздырғыш) заттарды сақтайтын, шығаратын немесе қолданатын жерлерде

Д 19«Газ баллоны»

Сығылған немесе ұйытылған газдарды сақтайтын, қолданатын телімдерде газ баллондарында, және қоймаларда. Баллон түсі: қара немесе ақ МСТ 19433 бойынша таңдап алынады

Д 20«Абайла. Аккумуляторлық батареялар»

Аккумуляторлық батареяларды дайындайтын, сақтайтын және қолданатын жайлар мен телімдерле

Д 21«Абайла. Кескіш белдіктер»

Қоршалмаған кескіш белдіктері бар жабдықтарда және жұмыс аймақтарында, мысалы ағаш өңдейтін, жол немесе ауылшаруашылық жабдықтарында

Д 22«Абайла. Қысым қаупі»

Белтемірлердің және шлагбаумдардың есіктерінде

Д 23«Абайла. Төңкерілуі мүмкін»

Заводішілік көліктердің төңкерілуі мүмкін жолдарда, рампаларда, қоймаларда, телімдерде

Д 24«Абайла. Жабдық автоматты қосылады (қосу)»

Жұмыс орындарында, жабдықтарда немесе жабдықтың автоматты қосылатын жекелеген тораптарында

Д 25«Абайла. Ыстық бет»

Беті қыздырылған жұмыс орындарында және жабдықтарда

Д 26«Абайла. Қолды жарақаттау мүмкін»

Қолды жарақаттап алу қаупі бар жабдықтарда, оның тораптарында, қақпақтарда және есіктерде

Д 27«Абайла. Тайғақ»

Тайғақ аумақтарда және телімдерде

Д 28«Абайла. Айналмалы элементтердің арасына тарту қаупі бар»

Жұмыс орындарында және айналмалы элементтері бар жабдықтарда, мысалы белдік диірмендерде

Д 29«Абайла. Өткелдің тарылуы»

Өткелдер тарылатын аумақтарда, телімдерде, цехтарда және қоймаларда немесе өтуді қиындататын шығынкы конструкцияларда

Предыдущая статья1. ТЫЙЫМ САЛУ БЕЛГІЛЕРІ
Следующая статья3. БҰЙЫРУ БЕЛГІЛЕРІ