Басымдық белгілері жол қиылыстарынан, жүру бөлігінің қиылыстарынан немесе жолдың тар учаскелерінен өту кезектілігін белгілейді.
2.1 | «Басты жол» Реттелмейтін жол қиылыстарынан басымдықпен өту құқығы берілген жолдар. |
2.2 | «Басты жолдың аяқталуы» |
2.3.1 | «Екінші дәрежелі жолмен қиылысу» |
2.3.2 | «Екінші дәрежелі жолға оң жақтан жанасу» |
2.3.3 | «Екінші дәрежелі жолға сол жақтан жанасу» |
2.4 | «Жол беріңіз» Жүргізуші қиылысатын, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде басты жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді. |
2.5 | «Аялдамай жүруге тыйым салынады» Тоқтау-сызығының алдында, ол жоқ болса – қиылысатын жүру бөлігінің шетіне жетпей аялдамай жүруге тыйым салынады. Жүргізуші қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде – басты жолмен жүретін көлік құралына жол береді. 2.5 белгісі теміржол өтпесі немесе карантин бекеті алдынан қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүргізуші тоқтау – сызығының, ал ол жоқ болса – белгінің алдында тоқтайды. |
2.6 | «Қарсы жүру басымдығы» Егер бұл қарсы жүруді қиындататын болса, жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынады. Жүргізуші тар учаскедегі немесе оған қарама-қарсы кіру жолындағы қарсы көлік құралдарына жол береді. |
2.7 | «Қарсы жүру алдындағы басымдық» Жүргізуші оның бойымен жүру кезінде қарсы көлік құралдарына қарағанда басымдықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесі. |