Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК 3450 тг.) |
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару | 590-бап 9 б. | 5 |
Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы | 334-бап 1 б. | Ескерту немесе айыппұл 2 АЕК |
Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгіеі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тіркелген көлік құралын басқару | 590-бап 1 б. | 5 |
Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару | 590-бап 2 б. | 10 |
Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) орнату | 590-бап 3 б. | 15 |
Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару | 590-бап 4 б. | 20 АЕК немесе 1 жылға құқықтан айыру |
Осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару | 590-бап 5 б. | 5 |
Тежегіш жүйесінің, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлік құралдарын басқару | 590-бап 6 б. | 15 |
Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару | 590-бап 7 б. | 15 |
Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату | 603-бап 1 б. | 15 |
Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату | 603-бап 2 б. | 25 |
Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу | 603-бап 3 б. | 25 |
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі 10. ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ