14. ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛДЕРІ ЖӘНЕ МАРШРУТТЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЯЛДАМАЛАРЫ

0
3884

106. Көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол береді.


107. Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүрісін жалғастыра алады.


108. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда, жүргізуші оның бағытындағы жолдың жүру бөлігін кесіп өтуді аяқтап қалған жаяу жүргіншіге жол береді.


109. Егер өзінен кейін жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде аялдауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға тыйым салынады.


110. Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде де жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншіні өткізеді.


111. Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан (есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді.


112. «Балаларды тасымалдау» деген таным белгісі бар тоқтап тұрған көлік құралына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты азайтады, қажет болған жағдайда тоқтайды және балалар тобын өткізіп жібереді.

Предыдущая статья13. ЖОЛ ҚИЫЛЫСЫНАН ЖҮРІП ӨТУ
Следующая статья15. ТЕМІРЖОЛ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРУ