20. МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН СҮЙРЕТУ

0
2934

141. Сүйрету тіркеуді қолдана отырып немесе көлік құралының алдыңғы жағына арнаулы тірек құрылғысына сүйрететін көлік құралына асу жолымен немесе оны сүйрететін көлік құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.


142. Қатты немесе иілгіш тіркемемен сүйрету, қатты тіркеме конструкциясы сүйретілетін көлік құралы сүйретушінің траекториясы бойынша жүретін түзу сызықты жүруді қамтамасыз ететін жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретілетін көлік құралында жүргізуші болған кезде ғана жүзеге асырылады.


143. Иілгіш тіркемемен сүйреткен кезде сүйретуші және сүйрелетін көлік құралдарының арасында төрт-алты метр шегінде, ал қатты тіркемемен сүйрету кезінде – төрт метрден аспайтын арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Байланыстыратын буындар Негізгі ережелердің тиісінше 12 және 13-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.


144. Иілгіш немесе қатты тіркемемен сүйреткен кезде – сүйретілетін автобуста (троллейбуста) және сүйретілетін жүк автомобилінің шанағында жолаушылардың болуына, ал аспалы түрде немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретілетін көлік құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына тыйым салынады.


145. Мынадай жағдайларда:

1) рульмен басқаруы істемейтін көлік құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі);

2) екі және одан көп көлік құралын;

3) егер нақты массасы сүйрейтін көлік құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесі істемейтін көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдісімен ғана сүйретуге жол беріледі;

4) қапталдағы тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклді;

5) көктайғақта иілгіш тіркемемен сүйретуге тыйым салынады.

Предыдущая статья19. СЫРТҚЫ ЖАРЫҚ БЕРУ АСПАПТАРЫН ЖӘНЕ ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Следующая статья21. ЖҮРГІЗІП ҮЙРЕНУ