1. КӨЛДЕНЕҢ ТАҢБА

0
9974

Көлденең таңба (жүру бөлігіндегі сызықтар, бағыттаушы сызықтары, жазулар және басқа белгілеулер) жүрістің белгілі режимдері мен тәртібін белгілейді. 1.41.10 және 1.17 сары түсті сызықтардан басқа көлденең таңбалардың түсі ақ болады. Көлденең таңба:

1.1

 

қарама-қарсы бағыттағы көліктердің ағынын бөліп тұрады және жолдарда қауіпті жерлердегі жүру жолағының шекарасын белгілейді; кіруге тыйым салынған жүру бөлігінің шекарасын белгілейді; көлік құралдарының тұрақ орындарының шекарасын және автомагистральдарға жатқызылмаған жолдардың жүру бөлігінің шетін белгілейді (таңбалардың нөмірленуі ҚР СТ 1124 сәйкес келеді. Жол таңбасының атауы мен суреттері 3-суретте келтірілген);
1.1 сызығын кесіп өтуге тыйым салынады. Көлік құралын жол жиегінде тоқтату үшін немесе кедергіні айналып өту кезінде ерекшелік ретінде, егер оны осы ерекшелікке жүгінбей орындау мүмкін болмаса, кесіп өтуге жол беріледі.

1.2

 

(жалпақ тұтас сызық) – автомагистральдардағы жүру бөлігінің шетін білдіреді;
1.2 сызығын кесіп өтуге тыйым салынады. Көлік құралын жол жиегінде тоқтату үшін кесіп өтуге жол беріледі.

1.3

торт және одан да көп жүру жолақтары бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөледі;
1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.

1.4

тоқтауға тыйым салынған орындарды білдіреді.
Дербес немесе 3.27. белгісімен қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағынан қойылады;
1.4. сызығы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

1.5

екі немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұрады;

бір бағытта жүруге арналған екі немесе одан көп жолақтар болған кезде жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;
1.5 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.6

(жақындау сызығы – штрихтарының ұзындығы олардың арасындағы аралықтан 3 есе артық үзік сызық) — қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттардағы көлік ағынын бөлетін 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындау туралы ескертеді;
1.6 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.7

(штрихтары қысқа және аралықтары оларға тең үзік сызық) — жол қиылысы шегіндегі жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;
1.7 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.8

(жалпақ үзік сызық) — екпінді жүру немесе тоқтау жолағы мен жүру бөлігінің негізгі жолағы арасындағы шекараны білдіреді (көше қиылыстарында, әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысында, автобус аялдамаларының аймағында және осы сияқтыларда);
1.8 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.9

реверстік реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын білдіреді;

реверстік реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік лектерін бөледі (реверстік бағдаршамдар сөніп тұрғанда);
1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар жоқ болғанда немесе олар сөніп тұрғанда, егер ол жүргізушінің оң жағында орналасса кесіп өтуге рұқсат етіледі; реверстік бағдаршамдар қосулы кезде – егер ол жүру бір бағытта рұқсат етілген жолақтарды бөліп тұрса, кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі. Реверстік бағдаршамдар сөніп тұрса, жүргізуші дереу 1.9 таңбасының сызығынан оңға орын ауыстырады.
Қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар сөніп тұрған кезде кесіп өтуге тыйым салынады.

1.10

тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерді білдіреді.

Дербес немесе 3.28 – 3.30. белгілерімен қоса қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағына қойылады;
1.10 сызығының күші I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометрі іске қосулы таксилерге қолданылмайды.

1.11

бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етілген жолдардың учаскелерінде қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттағы көлік ағындарын бөледі;

бір бағытта ғана жүруге рұқсат етілген тұрақ алаңдарынан және осындай жерлерде кері бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлерді көрсетеді;
1.11 сызығын үзік сызық жағынан, сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейін ғана тұтас жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.12

(тоқтау-сызығы) — жүргізуші 2.5. белгісі немесе бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде тоқтайтын орынды көрсетеді;

1.13

жүргізуші қажет болғанда қиылысатын жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, тоқтайтын орынды көрсетеді;

1.14.1

(«Зебра»)(ала) – реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;

1.14.2

(«Зебра»)(ала) — таңбасының бағыттаушылары жаяу жүргіншілердің жүру бағытын көрсетеді;

1.14.3

жүріс бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;

1.15

велосипед жолы жүру бөлігімен қиылысатын жерді білдіреді;.

1.16.1

орындарда бағыттайтын аралдарды білдіреді: қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлу

1.16.2

орындарда бағыттайтын аралдарды білдіреді: бір бағыттағы көлік ағындарын бөлу

1.16.3

орындарда бағыттайтын аралдарды білдіреді: көлік ағындарының араласуы;

1.17

маршруттық көлік құралдарының аялдамаларын және такси тұрақтарын білдіреді;

1.18

жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етілген жүру бағыттарын көрсетеді. Дербес немесе 5.8.1, 5.8.2. белгілерімен қолданылады;

тұйықтың суреті бар таңба жақын маңдағы жүру бөлігіне бұрылуға тыйым салынатынын көрсету үшін қойылады;

сол жақтағы шеткі жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететін таңба кері бұрылуға да рұқсат етеді;

1.19

жүру бөлігінің тарылуына (осы бағытта жүру жолақтарының саны азаятын учаскеге) немесе қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөліп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбасының сызықтарына жақындағаны туралы ескертеді.

Бірінші жағдайда 1.19 таңбасы 1.18.1 – 1.18.3 белгілерімен қоса қолданылуы мүмкін;

1.20

1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.21

(«ТОҚТА» деген жазу) – 2.5 белгісімен қоса қолданылатын кездегі 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.22

жолдың (маршруттың) нөмірін көрсетеді;

1.23

маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты көрсетеді.

1.1 – 1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.

1.1 және 1.2 сызықтарын көлік құралының жол жиегіне тоқтауы үшін, ал 1.1. сызығын ерекшелік ретінде, егер оны бұл ерекшелікті қолданбай орындау мүмкін болмаса, кедергіні айналып өту кезінде кесіп өтуге жол беріледі.

1.4 сызығы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

1.5. — 1.8 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар жоқ болғанда немесе олар сөніп тұрғанда, егер ол жүргізушінің оң жағында орналасса кесіп өтуге рұқсат етіледі; реверстік бағдаршамдар қосулы кезде – егер ол жүру бір бағытта рұқсат етілген жолақтарды бөліп тұрса, кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі. Реверстік бағдаршамдар сөніп тұрса, жүргізуші дереу 1.9 таңбасының сызығынан оңға орын ауыстырады.

Қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар сөніп тұрған кезде кесіп өтуге тыйым салынады.

1.10 бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометр қосылған таксиге қолданылмайды.

1.11 сызығын үзік сызық жағынан, сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейін ғана тұтас жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

Алып жүретін тақтада орналасқан уақытша жол белгілері мен таңба сызықтарының мәні бір-біріне қайшы келетін жағдайларда жүргізушілер белгілерді басшылыққа алуы тиіс.


Предыдущая статья10. УАҚЫТША БЕЛГІЛЕР
Следующая статья2. ТІГІНЕН ТАҢБА