Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының цифрлық кодтарының тізбесі:

| Аймақтың атауы (қаланың) | Жаңа үлгідегі код | Ескі үлгідегі код |
| Астана қаласы | 01 | Z |
| Алматы қаласы | 02 | A |
| Ақмола облысы | 03 | C, W |
| Ақтөбе облысы | 04 | D |
| Алматы облысы | 05 | B, V |
| Атырау облысы | 06 | E |
| Батыс Қазақстан облысы | 07 | L |
| Жамбыл облысы | 08 | H |
| Қарағанды облысы | 09 | M, K |
| Қостанай облысы | 10 | P, W |
| Қызылорда облысы | 11 | N |
| Маңғыстау облысы | 12 | R |
| Түркістан облысы | 13 | X |
| Павлодар облысы | 14 | S |
| Солтүстік Қазақстан облысы | 15 | T, O |
| Шығыс Қазақстан облысы | 16 | F, U |
| Шымкент қаласы | 17 | X |
| Абай облысы | 18 | F, U |
| Жетісу облысы | 19 | B, V |
| Ұлытау облысы | 20 | M, K |
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілері
1-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері
| Жеке тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгілер | |
Үлгі 1А![]() | жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, жеке тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2А![]() | жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1А-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Заңды тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгі | |
Үлгі 1![]() | заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, заңды тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2![]() | заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Армения Республикасынан әкелінген автомобильдерге арналған нөмірлік белгілер | |
Үлгі 1А-1![]() | Қазақстан Республикасының азаматтарына Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген автомобильдерге арналған, «А» серияларындағы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.» |
Үлгі 1А-2![]() | «А» сериясындағы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.». |
| Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мотоциклдері, мотороллерлеріне арналған нөмірлік белгі | |
Үлгі 3![]() | мотокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Тіркемелерге арналған нөмірлік белгі | |
Үлгі 5![]() | көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5А![]() | бекіту орны 5-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Транзиттік нөмірлік белгі | |
Үлгі 7![]() | жол жүрісіне қатысуға уақытша рұқсат берілген көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Мемлекеттік көлік құралдарының нөмірлік белгілері | |
Үлгі 1![]() | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы көлік құралдарының алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары | |
Үлгі 1С![]() | Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл автомобильдері үшін алдыңғы және артқы және жүк автомобильдері мен автобустары үшін алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2С![]() | бекіту орны 1С-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл және жүк автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 3C![]() | Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мотокөлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5C![]() | Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5СА![]() | бекіту орны 5С-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының арнайы және жедел қызметтері көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі | |
Үлгі 1К![]() | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
2-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы.
Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1 (1А), 2 (2А), 3 және 5 – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ ақ түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі ‒ қара түсті.
Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1С, 2С, 3С – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ көк түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі ‒ ақ түсті.
Мемлекеттік тудың үлгісі бар, «SK» сериясының 1К – үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ ақ түсті, цифрлық және әріптік символдар, «KZ» айыру белгісі ‒ қара түсті.
«А» серияларындағы 1А-1 және 1А-2 үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) — сары, айыру белгісі «KZ», цифрлық және әріптік символдар, бөлу жолағы, рамка сызықтары мен шеті — қара түсті.
3-тарау. Дипломатиялық корпус, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері
| Дипломатиялық корпус, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ шетелдік қатысумен кәсіпорындардың Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері | |
Үлгі 1Г![]() | шет мемлекеттердің делегацияларына ілесіп жүру бойынша хаттамалық іс-шараларға жұмылдырылған автомобильдерге алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 1Г![]() | шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері дипломатиялық және консулдық құрамының, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметтік және жеке автомобильдеріне «D» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Г![]() | «D» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 1Г![]() | шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке автомобильдеріне «Т» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Г![]() | «Т» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 3Г![]() | шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке мотокөлік құралдарына «D» және «Т» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
Үлгі 1Д![]() | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттер Құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне «НС» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Д![]() | «НС» сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 1Д![]() | Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының және өкілдіктерінің автомобильдеріне «М» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Д![]() | «М» сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 1Д![]() | Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған «Н» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Д![]() | «Н» сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі1Д![]() | шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған «Ғ» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 2Д![]() | «Ғ» сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 3Д![]() | Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдарына арналған «Н» және «Ғ» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 3Д![]() | Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметтік мотокөлік құралдарына арналған «М» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 3Д![]() | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының жеке мотокөлік құралдарына арналған «НС» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5Г![]() | шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «D» және «Т» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
Үлгі 5ГА![]() | бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «D» және «Т» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
Үлгі 5Д![]() | Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «Н» және «F» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
Үлгі 5ДА![]() | бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «Н» және «F» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. |
Үлгі 5Д![]() | Қазақстан Республикасында тіркелген, заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «М» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5ДА![]() | бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «М» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5Д![]() | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «НС» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
Үлгі 5ДА![]() | бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «НС» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі. |
4-тарау. Қазақстан Республикасында тіркелген, артықшылықтары мен иммунитеттері бар дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, консульдық мекемелерінің, қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы
«D» сериясының 1Г және 2Г, «Т» сериясының 1Г және 2Г, «PROTOCOL» сериясының 1Г, «D» және «Т» серияларының 3 Г, «D» және «Т» серияларының 5Г (5ГА)–үлгілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – қызыл; «KZ» айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдары – ақ түсті, жиегі қара түсті, жапсырмадағы цифрлық және әріптік символдары – қара түсті.
«НС», «Н», «М» и «F» серияларының 1Д және 2Д үлгілері, «Н», «F», «M» және «НС» серияларының 3Д, «Н» және «F», «М» және «НС» серияларының 5Д (5ДА)–үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – сары, «KZ» айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдар, бөлу жолағы, жиектеме сызығы мен жиегі – қара түсті.
Ескертпе: Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері ҚР СТ 986-2012 «Жол көлігі. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне арналған жарық шағылыстыратын қабаты бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері және белгілерге арналған дайындамасы» Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда, көлік құралдарын тіркегенге дейін жарамды болып табылады.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жоғалтқан, сондай-ақ ол Стандарттың талаптарына сәйкес келмеген кезде (1 дана не жиынтық) осы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауыстыруға жатады.
Қажет болған жағдайда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган өңірлердің өзге де цифрлық кодтарын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің әріптік және цифрлық белгілеулерін пайдалана, сондай-ақ оларды қорғау элементтерін және параметрлерін өзгерте алады.









































