5. Дөңгелектер мен шиналар
Жазғы және қысқы шиналарды ауыстыру, жағдайына қойылатын талаптар. (ЖҚЕ, дөңгелектер мен шиналар)
| Эксплуатацияға жарамсыз дөңгелектер мен шиналарды, сондай-ақ маусымға сәйкес келмейтін резеңкені қолданғаны үшін жауапкершілік | — айыппұл 5 АЕК — көлік құралдарын пайдалану тыйымы – нөмірлік белгілерді тәркілеу арқылы | |
| қысқы шипті шиналарды пайдалану тыйым салынады | ||
| жазғы шиналарды пайдалану тыйым салынады | ||
| шиналардың техникалық жағдайы кез келген уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс | ||
19. Жеңіл автомобильдердің шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерінің шиналары — 1 мм, автобустардың шиналары — 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердің шиналары — 0,8 мм кем протектор суретінің қалдық биіктігіне ие.
| № | Қалдық өрнек тереңдігі кемінде, мм | Көлік құралының категориясы | Көлік құралын атауы |
| 1 | 0,8 | L![]() | мопедтер, мотоциклдер, квадрицирктер және т.б. |
| 2 | 1,0 | N2, N3, O3, O4![]() | рұқсат етілген ең жоғарғы массасы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері және рұқсат етілген ең жоғарғы массасы 3,5 тоннадан асатын тіркемелер |
| 3 | 1,6 | М1, N1, O1, O2![]() | жеңіл көліктер, рұқсат етілген ең жоғарғы массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері, рұқсат етілген ең жоғарғы массасы 3,5 тоннаға дейінгі тіркемелер |
| 4 | 2,0 | М2, М3![]() | автобустар |
| 5 | 4,0 | «М+S», «М&S», «М S» немесе белгімен таңбаланған | қысқы шиналар, көлік категориясына қарамастан |
Ескерту. Тіркемелер үшін шина протекторы суретінің қалдық биіктігінің нормасы сүйретпе-көлік құралдары шинасы үшін нормалармен бірдей.
20. Шиналардың әр жерінде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тілінген, кесілген, жыртылған), сондай-ақ каркастың жіктелуі, протектор мен бүйірінің ажырауы.
![]() | ![]() |
21. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектің дискісі мен құрсауы жарылған.
22. Шиналар өлшемі немесе рұқсат етілетін жүктеме бойынша көлік құралының моделіне сәйкес келмейді.
![]() | ![]() |
23. Көлік құралдарының бір осіне әр түрлі мөлшердегі, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгідегі, протекторының түрлі суреті бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзімді және аязға төзімсіз, жаңа және қалпына келтірген шиналар орнатылған.
![]() |
24. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осіне қалпына келтірілген протекторы бар шиналар, ал басқа остеріне екінші сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.
![]() |
25. Жеңіл автомобильдің және қалалық автобустың (I сынып) алдыңғы осіне жөндеудің екінші сыныбы бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.
![]() |










